АҚШ соғыс кемелері Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аймаққа кірді

/image/2020/04/22/crop-3_-1_401x597_101153576600.jpg

Америкалық әскери кемелер Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аймаққа кірді. Бұл туралы АҚШ әскери күштері хабарлады, деп жазады Нью-Йорк Таймс.

Басылымның жазуынша, бұл – даулы теңіз аймақтағы келіспеушілікті асқындырып, Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы бәсекелестікті күшейтуі мүмкін.

Американың амфибиялық шабуыл жасайтын кемесі және "Бункер Хилл" зымыран крейсері Малайзия мен Қытай арасындағы даулы теңіз аймағына кірген.

Қорғаныс сарапшыларының айтуынша, қытайлық және австралиялық әскери кемелер де жақын маңдағы теңіз аймағына жолға шыққан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар