"Алматыда зейнеткерлерге азық-түлік беріліп жатыр" деген ақпарат – фейк

/image/2020/04/27/crop-179_672_579x772_050533968200.png

Әлеуметтік желіде тараған "Алматыда зейнеткерлер мен мүгедек азаматтарға азық-түлік себеті таратылып жатыр" деген ақпарат фейк екені, видео наурыз айында Қырғызстанда түсірілгені белгілі болды.

24 наурызда қырғызстандық Марат Джуманалиев атты киноактер өзінің instagram-дағы парақшасында зейнеткерлер мен мүгедек азаматтарға азық-түлік себеті таратылатынын айтып, видеоүндеу жолдаған.

Сол видеоны әлдекімдер "акция Алматыда өтеді" деп таратуда.

Алматы қаласы әкімдігі төтенше жағдай кезінде мұндай шындыққан жанаспайтын ақпарат таратушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, тұрғындарды расталмаған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар