Павлодарда жергілікті тұрғын көп қабатты үйдің балконында кәуап пісіргені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Тұрғын бұл әрекетін телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Полиция инспекторлары ол адамды дереу анықтады.
Ол Назарбаев көшесіндегі көп қабатты үйдің тұрғыны болып шықты. Ол балконда от жағып, кәуап пісіру арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған және басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірген.
Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері павлодарлық тұрғынды әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 410-бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін) бойынша әкімшілік жауапқа тартты.
Пікір қалдыру