"Маска тағу – ағзаны вирустан қорғаудың бір механизмі"

/image/2020/04/27/crop-1_3_747x748_disposable-3-ply-face-mask-nonwoven-medical.jpg

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев көшеде маска тағып жүруге кеңес берді. Бұл туралы Іnform.kz хабарлады.

– Маска тағу – ағзаны вирустан қорғаудың бір механизмі екенін түсінуіміз қажет. Жабық ғимаратта, яғни дүкендер мен дәріханада, көлік ішінде маска тағу міндеттелген. Әсіресе, ауру белгісі байқалған адамдардың қасында немесе өзіңізде қызу, жөтел, түшкіру пайда болса, міндетті түрде масқа тағыңыз, – деді Т. Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар ол брифинг барысында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметін атап өтті.

– ДДСҰ-ның мәлімдеуінше, адам 3-5 минут сайын бетін ұстайды. Бұл да COVID-19 жұқтыру қаупін күшейтеді. Осыған байланысты, барлық жастағы адамдарға көшеде де маска тағып жүруге кеңес береміз. Әсіресе, көптеген адамдар маскамен аузын жабады да, мұрнын ашық қалдырады. Масканы 2-3 сағат сайын ауыстырмайды. Әрине, маскадан бөлек, қол жуу, антисептикпен сүрту сынды өзге де қағидаларды ұстанған жөн, – де айтты Т. Сұлтанғазиев.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар