Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирустан сауығып, бүгін ресми түрде жұмысқа шықты, деп хабарлайды Қамшы тілшісі The New York Times Post басылымына сілтеме жасап.
Ол енді Біріккен Корольдіктің экономикасын қалай және қашан қайта жандандыруға қатысты маңызды шешімдер қабылдамақ.
Джонсон 7 сәуірде интенсивті терапияға жіберілген. Басылымның жазуынша, оның үкіметі шектеу шараларын жеңілдетудің жолын ойластырып жатқан көрінеді.
Премьер-министр Ұлыбритания үшін пандемия шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеген. Жұмысына ресми түрде қайта кіріскен ол осы аптада бірқатар кездесулер өткізбек.
Пікір қалдыру