Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда 820 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.
– Елде індет жұқтырған адамдардың 30 пайызы медицина қызметкерлері. Олардың саны 820-ға жетті. Оның негізгі бөлігі – орта медицина қызметкерлері және кіші медициналық персонал. Айта кететін жәйт жұқпалы ауруханаларда вирус жұқтырған дәрігерлер саны аз, – деді Т. Сұлтангазиев.
Сонымен бірге, спикер инфекциялық стационарға қарағанда әдеттегі емхана мен аурухана қызметкерлерінің жиі ауыратынын айтты.
– Жұқпалы аурулар ауруханасында мамандар жеке қорғаныс құралдарымен жүреді және инфрақұрылымның өзі «таза» және «лас» аумақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Ал емханалар мен көпбейінді ауруханаларда мұндай бөлу қиынға соғады. Оның үстіне келушілер саны көп, олардан вирус жұқтыру ықтималдығы да артады. Тәулік бойы ғимараттағы медициналық мамандар ықтимал науқастармен бір ауаны жұтуға мәжбүр, – деді Т. Сұлтанғазиев.
Еске сала кетейік, Ұлыбритания әлем елдеріндегі коронавирустық өлім-жітім мөлшерін салыстыратын графиктен Қытайды алып тастады.
Пікір қалдыру