Ұлыбритания Қытайды коронавирус статистикасынан алып тастады

/image/2020/04/27/crop-0_0_532x952_095015936300.webp

Ұлыбритания әлем елдеріндегі коронавирустық өлім-жітім мөлшерін салыстыратын графиктен Қытайды алып тастады. Бұл туралы Қамшы тілшісі Британияның The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, бұған себеп – Қытай пандемияның шынайы жағдайын жасыруы.

Ұлыбритания үкіметі Даунинг-стрит брифингінде көрсеткен бұрынғы графикте тоғыз елдегі, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Испания, Италия, Германия, Швеция, Оңтүстік Корея және Қытайдағы көз жұмған адамдарының санын салыстырған.

Ал, кейінгі жаңартылған графикте Қытайды алып тастаған.

Қытай бұған дейін Германия, Швеция және Оңтүстік Корея сияқты өлім-жітім мөлшері төмен елдердің қатарында болған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар