Трамп Ким Чен Ынның денсаулығы туралы айтты

/image/2020/04/28/crop-41_11_434x751_photo_318524.png

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынға не болғанын білетінін айтты, деп хабарлайды bbc.com сайты. 

– Бірақ мен қазір нақты ештеңе айта алмаймын.  Ким Чен Ынға не болғанын жақсы білемін, дегенмен қазір айта алмаймын. Мен оған бар жақсылықты тілеймін. Ким Чен Ынмен ара қатынасымыз өте жақсы. Егер қазір мен президент болмасам, соғысар едіңіздер. Оның жағдайы қандай екенін жақсы білемін. Қазір өзін жақсы сезінеді деген үміттемін. Мүмкін, жақын арада бәріңіз білетін боласыздар, – деді Трамп. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар