Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 1125 тәртіп бұзушылық анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 476-бабы (ТЖ режимін бұзу) бойынша – 1075 құқық бұзушылық анықталды. Оның 211-і қамауға алынса, 257-не айыппұл салынды, ал 557 адамға ескерту жасалып, 41 іс сотқа жіберілген.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 50 заңбұзушылық анықталды, оның ішінде 23 жағдай бойынша айыппұл салынды, 27 деректе қамауға алынған.
Мысалы, қаланың екі тұрғынына полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Олар карантин кезінде вокзал маңындағы алаңда тәулік бойы пәтер тапсырған. Мамандандырылған әкімшілік соты екі әйелге 27 780 теңге көлемінде айыппұл салды.
Азаматтардың блок-бекеттерді заңсыз айналып өту фактілері бойынша 78 заңбұзушылық анықталды.
Полиция департаменті қала тұрғындарынан қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Сонымен қатар бұның бәрі инфекция таралуының алдын алу. Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, далаға шықпауды сұрайды.
Пікір қалдыру