Асылып өлген адам вирус жұқтырған болып шықты. Бұл туралы ktk арнасы хабарлады. Түркістан қаласындағы марқұмның туыстары бауырының суицид жасағанын айтты. Елордадан бауырларының денесін күтіп отырғанда, жергілікті әкімдіктен келгендер марқұм короновирус жұқтырған депті.
Шенеуніктердің сөзінше, марқұмды мәйітханада тексергенде соvid-19 вирусы анықталған. Ал елордалық дәрігерлер анықтамаға буынып өлгенін анық жазып беріпті. Сондықтан мәйітті де туыстарының қолына бере салған. Вирус жұқтырды деген сараптама қорытындысы Түркістан облысына мәйіттен кейін ілі-шала жеткен. Ауруға қатысты нақты қорытындыны білмей тұрып, мәйітті неге туыстарына бергенін Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы әзірге түсіндірген жоқ. Ал мәйітті алып келген үш адам енді карантинге жатуы тиіс.
- Асылып өлген. Асылып өлгеннен кейін мәйітханада коронавирус жұқтырғаны анықталған. Арнайы хабарлады бізге. Мемлекеттік сараптаманың арнайы хатын алдық. Бекерден-бекер әуре болып, жұмыстан қалып жүрмейміз ғой. Түске дейін облыстық СЭС мамандары, имамдар бар, түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жұрт түсінгісі келмейді. Анасы бар, туысқандары бар, - дейді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев.
Пікір қалдыру