Қазақстанда 5000-нан астам ауыл интернетке қосылады

/image/2020/04/28/crop-10_16_580x923_mwk2vywh.jpg
 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елді мекендерді кеңжолақты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Қазақстанда интернетті белсенді пайдаланушылар қатары артып келеді. Сондықтан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында желіні пайдаланушылардың үлесі 88%-ға дейін, ал цифрлық сауаттылық деңгейі 83%-ға жетеді.

Бұл міндеттерді осы жылдың соңына дейін жүзеге асыру 5163 ауылдық елді мекенді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде ауылдарда 7,6 млн астам адам онлайн білім алуға, телемедицинаға, мемлекеттік қызметтерге, электрондық саудаға қол жеткізеді.  

 

Әкімдіктерге антенналық-мачталық құрылыстар салуға және байланыс желісін тартуға жер бөлу, электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу тапсырылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар