Алматының № 2 перзентханасынан коронавирус инфекциясын жұқтырған жүкті әйел тіркелді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Перзентханаға жүктіліктің 39-аптасындағы келіншек келген. Ол коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Ол бұл ақпаратты жасырып қалған" делінген баспасөз таратқан хабарламада.
Қазір қызметкерлер мен пациенттер ПТР-тестілеуден өтті. Оларды басқа медициналық мекемелерге ауыстыру немесе үй карантиніне жіберу қарастырылып жатыр.
"№2 перзентхана ғимаратында зарарсыздандыру шаралары жасалды. Қазір мекемеде пациент қабылдау тоқтатылды. Қызметкерлер мен пациенттер тағы қосымша тестілеуден өтеді. Вирус жұқтырғаны расталмаса, перзентхана штаттық режімде жұмысын жалғастырады" делінген хабарламада.