Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыста елде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасы қайта ашылатыны туралы хабарлады.
"Құрметті достар, бүгін мемлекеттік комиссияның төрағасы, еліміздің Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым.
⠀
Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан – Семей", "Алматы – Семей" бағыттарын бойынша бір рейстен ұшады.
⠀
Облыс көлемінде енгізілген шектеу режимінен шығу жоспарының бірінші қадамы бізге экономикалық жағдайды тұрақтандыру бағытын нақты бағдарлауға мүмкіндік беретініне сенімдімін" деді әкім instagram парақшасында.
Пікір қалдыру