АҚШ Ким Чен Ынды барлауға тыңшылық ұшақтарын жіберді

/image/2020/04/29/crop-2_4_730x958_nintchdbpict000579761728.webp

Ким Чен Ынның денсаулығы туралы қауесеттер күшейіп жатқан кезде АҚШ тыңшылық ұшақтарын Солтүстік Кореяға жіберді. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Әскери ақпарат көздері "бұл ұшақтар Пхеньян мен теңіз жағасындағы Вонсан куроты туралы ақпарат жинау үшін арнайы жіберілген" деп мәлімдеген. Болжамдар бойынша, Ким Чен Ын Вонсан куротында болуы мүмкін.

–Оңтүстік Кореяның барлау қызметкерлері АҚШ-тың бес барлау ұшағын жібергенін растады, –деп хабарлайды Chosun Ilbo.

–Ким Чен Ынды барлауға үш "RC-12" ұшағы, бір "E-8C бірлескен STARS" ұшағы және бір "EO-5C Crazy Hawk" ұшағы жіберілді, –деп хабарланды.

"ЭО-5С" ұшағы әскерлер мен қару-жарақтардың қозғалысын бақылауға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол Кимнің көз жұмғандығын білдіретін кез-келген ерекше әрекетті барлайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар