«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» және «МЕКТЕПКЕ-ОҚУЛЫҚПЕН» акцияларын өткізу туралы

/uploads/thumbnail/20170708192132419_small.jpg

Елбасының балаларды оқумен толық қамту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың тамыз айының 1 мен қыркүйектің 30-ы аралығында «Мектепке жол» акциясын «Балаларға бірге көмек көрсетейік» үндеуімен өткізу жоспарланып отыр. Бұл акция еліміздің түкпір-түкпірінде сегізінші  рет өткізілгелі тұр.

Биылғы жылы акция «Балаларға бірге көмек берейік» атты ұранымен өтеді.

Акцияның мақсаты -  жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,  аз қамтылған,  көпбалалы отбасылардан шыққан оқушы балаларға  жаңа оқу жылына дайындық уақытында қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте  мектепке себепсіз келмей қалудың алдын алу.

Осыған байланысты тұрғындарды ақпараттандыру, сондай-ақ бизнес-құрылымдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және мемлекеттік органдарды акцияға қатысуға тарту мақсатында келесі іс-шараларды өткізуі жоспарланып отыр:

-  PR-кампанияларды (аймақтық баспасөз конференцияларын, ақпараттық бұрыштарды, баннерлерді орнату, плакаттарды, үнпарақтарды және т.б.) өткізу, акцияны өткізу кезеңіде БАҚ-тың назарын кеңінен аудару;

- мектепке дайындау кезінде мекенжайлары бойынша әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету үшін шефтік ретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, бизнес-құрылымдарды бекіту;

- дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында ІІД бірлесе отырып «Түнгі қаладағы балалар» (қоғамдық орындар, компьютерлік клубтар) рейдтерін ұйымдастыру және өткізу;

 - жаңа оқу жылдың алдында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өткізу және т.б.

Көмек және кеңес керек отбасыларға мен балаларға арналған оқу органдарында жедел желі телефондары мен қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді(Маңғыстау облысының Білім Басқармасының сенім телефоны: 31-86-33).

«Мектепке - оқулықпен» республикалық акциясын өткізу - оқу жылы қарсаңында әр оқушыны оқулықтармен қамтамасыз ету шараларының бірі.

Акцияның тақырыбы: Мектепке - оқулықпен!

Акцияның мақсаты. Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету. Кітапханалар мен кітапханашылардың қоғамдық дәрежесін арттыру.

Акцияның мақсатты топтары: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мектеп кітапханашылары, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, меценаттар.

Акцияны өткізу мерзімі: 2015 жылғы 1 тамыз -   1 қыркүйек. 

Акция кезеңдері:

1-кезең «Кітап қорын тексер!» –1 -7 тамыз

2-кезең «Мектепке - оқулықпен!»  –10 -18 тамыз

3-кезең «Сыйлыққа - оқулық!» – 18 тамыздан 1 қыркүйекке дейін.

Маңғыстау облысының Білім Басқармасы

Қатысты Мақалалар