Қытайлықтар Әзірбайжан мен Қазақстанды жалғайтын көпір салмақшы

/uploads/thumbnail/20170708192138036_small.jpg

Қытайлықтар Әзірбайжан мен Қазақстанды тікелей жалғап тұратын көпір құрылысын бастамақшы. Халықаралық транскаспилік транспорт маршуртын толығымен іске қоспай жатып, Қытай жаңа құрылысты бастауға ниетті екендіктерін білдірген. Бұл туралы «Қамшы» порталы әзірбайжандық comments.az сайтына және Fineko-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Американдық ғалым, постиндустриалды экономика жөніндегі маман Евгений Гильбоның айтуынша, қазірдің өзінде Қытай тарабы Қазақстан мен Әзірбайжанды байланыстыратын, Каспий теңізін басып өтетін көпір құрылысына дайындықты бастап кеткен.

«Қазіргі таңда құрлықтық трансмагистраль арқылы Қытайдан ЕО-ға  өтетін жүк тасымалы теңіз жолынан 100 есе аз. Тіпті, Қытайдан РФ – ға өтетін тауарлар да теңіз жолы арқылы өтуде. Негізгі логистикалық  инвестициялар да «Бирмин коридоры» арқылы жүргізіледі.  Ал біз енді «Жібек жолын» дамытуымыз керек»,- дейді  Гильбо.

Нұрзат Тоғжан

 

Қатысты Мақалалар