Алматыда 10 мыңнан астам адам COVID-19 індетіне тексерілді. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.
– Мегаполисте 10 мыңнан астам адам қауіпті індетке тексерілді. Соның ішінде 93 жағдай расталды, – деп атап өтті спикер.
Ауырғандардың басым бөлігі мына рейстермен ұшып келген. Атап айтқанда, Мәскеу — 33%, Ыстамбұл — 25%, Берлин — 16%, Санкт-Петербург —13%, Минск — 13%.
– Жас шамасына қарай алатын болсақ, індет жұқтырғандардың көбі 20-29 жастағылар. Екінші орында 30-39 жас және үшінші, төртінші орында 40-49 жас және тиісінше 50-59 жас та бар. 60 жастан асқан, яғни осал топтағылардың арасында 7 жағдай тіркелді, – деді А. Молдағасымова.
Брифингті қорытындылаған қаланың Бас санитарлық дәрігері мегаполисте тестілер, реагенттер, барлық қажетті аппараттар мен тексеру жүргізетін құралдар жеткілікті мөлшерде екенін айтты.
Пікір қалдыру