Британияның экс-депутаты: АҚШ пен Қытай үшінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында тұр

/image/2020/05/01/crop-21_16_697x1239_141227051500.jpg

Үшінші дүниежүзілік соғысты АҚШ пен Қытай бастауы мүмкін. Ұлыбританияның экс-депутаты Бейжіңнің әскери шабуылдау жоспарын әшкереледі. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Post газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Біріккен Корольдіктің бұрынғы депутаты Джордж Галлоуэй "Оңтүстік Қытай теңізінде шиеленіс күшейіп, Қытай мен АҚШ арасында соғыс басталуы мүмкін" деп болжам жасады.

Оның айтуынша, Бейжің бұрын-соңды болмаған және "шешуші әскери қадам" жасауы мүмкін. Соның салдарынан, Қытай мен АҚШ арасында соғыс басталуы мүмкіндігін ескертті. Британиялық бұрынғы депутаттың ойынша, бірнеше онжылдықтар бойы даулы аймақ болып келген Оңтүстік Қытай теңізінде кенеттен әскери қақтығыс "жарылуы мүмкін".

Айта кетейік, осы аптаның басында АҚШ әскери-теңіз күштерінің зымыран жойғыш кемелері Оңтүстік Қытай теңізіндегі Паракел аралдары маңындағы теңізбен жүзіп өткен. Бейжің ол әрекеттерге наразылық білдірген.

АҚШ әскери-теңіз күштерінің хабарлауынша, Вашингтон "халықаралық заңдарда танылған теңіздерді қолданудың бостандықтары мен құқықтарын" қорғауға тырысқан.

Алайда Қытай әскери күштері Вашингтонға қайтарма жауап жасады: Қытай Халық азаттық армиясы әскери кемелер мен ұшақтарын даулы теңіз аймағына жіберді.

Бейсенбіде АҚШ әскери әуе күштерінің екі бомбалаушысын жіберді.

Қытайдың мемлекеттік газеті АҚШ-ты "аймаққа агрессивті түрде араласып отыр" деп айыптады.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар