Трамп Қытайды қалай жазалайтынын айтты

/image/2020/05/04/crop-58_38_2248x3358_j7pu6gao6yi6vesmwngqto6jja.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп пандемия зардабы үшін Қытайға бір триллион доллар тариф енгізіп, жазалауға уәде берді. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дональд Трамп өтемақы төлеу түрі ретінде Пекинге 1 триллион долларға дейін тариф енгізуді ұсынды. Алайда Трамп баспасөз мәслихатында Қытайға қатысты келесі қадамдары туралы нақты айтудан бас тартты.

Тарифтер туралы сауал қойылғанда, АҚШ президенті: "Менің оны айтқым келмейді. Бізде өте күрделі ойын жүріп жатыр" деді.

Трамп әкімшілігі "Қытай коронавирус ақпараттарын жасырын ұстап, оның бүкіл әлемге таралуына себепші болды" деп айыптаған.

Өткен аптада Ақ Үйдің шенеуніктері журналистерге әкімшіліктің Қытайдан өтемақы өндіріп алуға қатысты нұсқаларды қарастырып жатқанын жеткізді.

Оған тек тарифтер енгізу ғана емес, сонымен бірге АҚШ-тағы Қытай қарыздарының бір бөлігін алып тастау да жатады.

Шенеуніктердің бірі "Қытайға қалай соққы жасау керектігі және оны қалай дұрыс тексеру керек екені туралы пікірталас жүріп жатыр" деді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар