Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР парламенті сенатының отырысына қатысты. Сенат отырысында Тоқаев Парламент сенатының төрағасы болып тағайындалған Мәулен Әшімбаев туралы пікір білдірді.
"Ол мемлекет қызметінің қыр-сырын жетік меңгерген, ұзақ жыл түрлі салада жемісті және тиімді жұмыс атқарды. Парламент жұмысын жақсы біледі. Әрдайым өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, бұл қызметті абыроймен атқаратынына күмәнім жоқ. Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын", - деді Тоқаев.
Пікір қалдыру