АҚШ тағы 3 триллион доллар қарыз алмақ

/image/2020/05/05/crop-1_6_216x409__111996439_gettyimages-1207342530.jpg

АҚШ екінші тоқсанда 3,4 триллион доллар қарыз алғысы келетінін мәлімдеді. Оған себеп, коронавирустық құтқару пакеттері бюджетке салмақ салуда. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл 2008 жылғы қаржылық дағдарыс кезіндегі тоқсандық көрсеткіштен бес есе көп.

2019 жылы АҚШ жалпы 1,28 триллион доллар қарыз алған.

Америка Құрама Штаттары бұған дейін коронавирустық зардаптар үшін шамамен 3 триллион долларлық оңалту қаржысын мақұлдаған болатын.

Қазіргі уақытта АҚШ-тың үкіметтік қарызы 25 триллион долларды құрайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар