Венесуэла екі АҚШ азаматын тұтқындады

/image/2020/05/05/crop-13_14_506x917_1873.jpg

Венесуэла "қарулы шабуыл ұйымдастырды" деп екі АҚШ азаматын тұтқындады. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Венесуэла президенті Николас Мадуроның мәлімдеуінше, 13 "террорист" Венесуэлаға қарулы шабуыл жасап, президентті құлатпақ болған. 13 адамның қатарында екі АҚШ азаматы бар .

"Венесуэлаға қарулы шабыл жасамақ болғандардың ішіндегі екі АҚШ азаматы Вашингтон әскерилерімен жұмыс істеген" деп мәлімдеді дүйсенбіде президент Николас Мадуро.

Мемлекеттік телеарнадан сөйлеген Мадуроның айтуынша, олар Кариб жағалауы арқылы Оңтүстік Америка еліне кірген.

Венесуэла билігі жексенбіде болған шабуыл кезінде сегіз адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар