Коронавирус инфекциясынан тағы 34 науқас емделіп шықты

/image/2020/05/05/crop-511_195_479x639_orig.jpg

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетінен жалпы 1207 адамның емделіп шыққанын мәлімдеді. 

Вирус жұқтырған тағы 34 науқас сауығып, ауруханадан шықты. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Алматы қаласында – 22, Шымкент қаласында – 3, Қостанай облысында – 3,  Батыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысында – 2, Қызылорда облысында – 2.

Осылайша жалпы вирустан жазылғандар 1207 адам. Нұр-Сұлтан қаласы – 304, Алматы қаласы – 210, Шымкент қаласы – 54, Ақмола облысы – 79, Ақтөбе облысы – 28, Алматы облысы – 30, Атырау облысы – 76, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Жамбыл облысы – 51, Батыс Қазақстан облысы – 37, Қарағанды облысы – 79, Қостанай облысы – 11, Қызылорда облысы – 140, Маңғыстау облысы – 9, Павлодар облысы – 12, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Түркістан облысы – 52 адам.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар