Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры Түркістан облысының корпоративтік әлеуметтік даму қорына 200 миллион теңге аударды.
«4 мамыр күні қоғамдық қор зардап шеккен отбасыларға жәрдем көрсету үшін Атакент ауылындағы арнайы қоймаға 20 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Оның ішінде азық-түліктен басқа, шаруашылық және гигиеналық заттар, сонымен қатар балаларға арналған тәтті тағамдар болды», - дейді «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының жетекшісі ҚАСЫМ ҚАСАБЕКОВ.
«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры жалпыұлттық «Біз біргеміз!» акциясының аясында қиын жағдайға тап болған қазақстандарға қол ұшын созуды жалғастырып келеді. Бұған дейін қор коронавирус инфекциясына қарсы күрес үшін 150 миллион теңге бөлген еді.
Анықтама: «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры қызметін 2016 жылдың сәуірінде бастады.
Қор бірнеше бағытта жұмыс істейді: аз қамтылған отбасылардың жетім балаларын асырап, тәрбиелеу, аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен көмектесу, ем қабылдауды мұқтаж ететін жандарға қаржылай көмек, білім беру ақысы, мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүрлерді дамыту, мешіт құрылысы, әртүрлі деңгейдегі спорт шараларын өткізу.
Пікір қалдыру