Премьер-министр Асқар Мамин кейбір мамандыққа квота бойынша түскен студенттерді оқу орнын тәмәмдаған соң ауылдық жерде жұмыс істеуге міндеттейтін қаулыға қол қойды.
Қаулы бойынша «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 531-құжат) өзгерістер енгізілді.
3-тармаққа сай, педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен оқыған ауыл жастары жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылдық жерде жұмыс істеуге міндеттелді. Олар мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді.
Пікір қалдыру