Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің кезекті брифингі өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшиннің хабарлауынша, осы жылдың 30 сәуіріндегі жағдай бойынша мегаполисте коронавирус инфекциясының 1028 жағдайы тіркелген. 100 мың тұрғынға шаққанда ауру көрсеткіші 49,5 пайызды құрады. Сегіз адам қайтыс болған.
Ал есеп беру кезеңінде күн сайынғы өсім 7% құрап отыр. Ауру ересектер арасында басым. Бұл анықталған жағдайларды жас санаттары бойынша қарастырса, атап айтқанда: 14 жасқа дейінгі балалар – 37 (3,7%), 20-29 жастағылар – 340 (34,4%) және 60 жастан асқандар – 70 (7%).
Сондай-ақ, қаланың Бас санитарлық дәрігері дезинфекцияның үлкен көлемі жүргізіліп, одан әрі күн сайын 1300-ге жуық үй маңындағы аумақ дезинфекцияланатынын атап өтті. Осы шаралардың арқасында инфекцияның таралуы тежеледі, жалпы алғанда қаладағы 8000-ға жуық кіреберісті залалсыздандыру жалғасуда. Мұндай жұмыс біздің азаматтарымыздың сырқаттанбауы үшін жүргізіледі және бұл өзін-өзі оқшаулау сияқты басқалармен бірге алдын алудың ең тиімді жолы болып табылады.
Пікір қалдыру