Дәулеткелді Өмірқұлұлы: Әлемде соғыс болмасын деп тілеймін

/image/2020/05/09/crop-303_3_563x751_snimok-ekrana-539.png

Тарихшы, шежіреші, соғыс ардагері Өмірқұл Құлшықовтың ұлы Дәулеткелді Өмірқұлұлы қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. 

Өмірқұл Құлшықов (1907-1989) аға лейтенант, шежіреші, тарихшы болған. Ол 1907 жылы Алматы облысында туған. 1917 жылы әкесі мен анасы дүниеден өтеді. Кейін сол жылы Алматы облысы Костенск ауданында еңбек жолын бастайды. 1920-1927 жылдар аралығында Костенск ауданының күзет және еңбек бөлімінде жұмыс істейді. 1941-1942 жылдар аралығында Анджина қаласындағы кіші лейтенант курсында оқиды. Оқуды аяқтаған соң соғысқа аттанады. 1942 жылы басынан жарақат алып, Қызыл жұлдыз орденімен марапатталады. 

2019 жылы Құлшықов Өмірқұлдың құрметіне арналған «Мүйізді Өтегеннің – Мүйізді ұрпағы» деп аталған кітап жарыққа шықты.

– Әкем әке-шешесінен ерте айырылған. Кейін советтік билік оны өз қамқорлығына алады. Ол төте жазу, латын мен орыс тілін жетік меңгеріп шығады. Өзінің зеректігінің арқасында ерте жасынан жұмысқа араласады. Өмірқұл әкемнің жоғыры білімі болғаннан кейін Өзбекстандағы лейтенанттар әскери мектебін кіші лейтенант дәрежесімен аяқтайды. Кейін соғысқа аттанады. Соғыста небір қиындықтар болғанын тарих беттерінен оқуға болады. Соғыстан кейін әкем қалған өмірін Қазақстан тарихын зерттеп, халқының гүлденуіне арнады. Жеңіс оңай келмеді. Барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймын. Алдағы күні әлемде соғыс болмасын деп тілеймін, – дейді Дәулеткелді Өмірқұлұлы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар