Карантиннен шыққаннан кейін алдағы бірнеше айда және жылдың аяғына дейін халықты жұмыспен қамту қалай іске асырылатынын премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметтің баспасөз қызметінде өткен брфингте айтты.
– Бұл сұраққа бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше тоқталып кетті. Бүгінде қабылданған нақты шаралардың арқасында 1 млн-нан аса азаматтардың жұмысқа кіріскендігі туралы айттық. Бірақ әрі қарай да бұл жұмысты біз жалғастыруымыз керек. Негізгі мәселе – жылдың аяғына дейін азаматтарды жұмыспен қамту керек. Мұндай жоспар бүгін жасалынды. Бірнеше үлкен мемлекеттік программалар қабылданды. Осы мемлекеттік программалардың арқасында 360 мың орынға шейін нақты шаралар белгіленіп отыр. Сонымен қатар арнайы "Еңбек" деген программа бар. Сол программа бойынша жылдың аяғына дейін 600-мың адам жұмыспен қамтылатын болады, – деді Ералы Тоғжанов.
Сонымен қатар премьер-министрдің бірінші орынбасары бүгінде нақты қабылданған, жүзеге асырылған үлкен шаралардың бірі "Жұмыспен қамту жол картасы" екенін атап өтті.
– Бүгін аталған бағытта 6500-ден аса нақты жобалардың тізімі аймақтармен бірге қаралып бекітілді. Жылдың аяғына шейін 255-мың адам жұмысқа тұрғызылады деп есептеп отырмыз. Бекіткенімізге бір жұмадай уақыт болды. Бүгінгі күннің өзінде 18 мыңға жуық азаматтардың өзі осы нақты бағдарлама арқылы жұмысқа кірісіп кетті. Бұлардың барлығы қадағалауда. Пандемияның кезінде жастарды жұмыспен қамту мәселесі күн тәртібінде тұр. Сондықтан мұның бәрі "Жұмыспен қамту жол картасы" айналасында жүзеге асырылатын болады, – деп атап өтті премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Пікір қалдыру