Енді қазақстандықтар 42 500 теңгені ұялы телефон нөмірімен ала алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
"42 500 теңге"әлеуметтік төлемін банк шотының жоқтығынан ала алмаған азаматтар енді оны IBAN шотын ұсынбай-ақ, ұялы телефон нөміріндегі "ұялы байланыс операторының электрондық әмиянындағы" жеке шоты арқылы ала алады. Ағымдағы жылдың 6 мамырында Төтенше жағдай кезінде табыстан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) төлем тағайындау қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) тиісті өзгерістер енгізілді", - делінген министрліктің хабарламасында.
Ұялы байланыс операторының электрондық әмиянының" шотына әлеуметтік төлем алу үшін SMS-хабарлама арқылы өзінің келісімін растауы қажет дейді.
"Азаматтан жауап алғаннан кейін оператор алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) тексеріп, ұялы телефонының жеке шотына ақшаны жібереді. Оны Халық банкінің банкоматтары немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы алуға болады. Арнайы мобильді электрондық әмиян қосымшасының көмегімен 2000-ға жуық қызметтің ақысын төлеуге болады. Механизм пилоттық тәртіпте жүзеге асырылды. Бұл нұсқа Қытайда, Үндістанда, бірқатар Еуропа және Азия елдерінде сәтті қолданылуда", - дейді ведомстводағылар.
Пікір қалдыру