Коронавирустың таралуы жағдайында жаһандық ахуалды бақылауға шамамен бес жыл уақыт кетеді. Мұндай болжамды Financial Times ұйымдастырған конференцияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының орынбасары Сумия Сваминатан жасады, деп жазады BBC news.
"Алдағы 4-5 жылда бізде перспективалық бақылау болады деп айтар едім", дейді Сумия Сваминатан.
Мұның қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Себебі коронавирустың әлі де таралуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Тиімді вакцина жасалған кезде вирустың жойылу-жойылмауы да белгісіз.
Сваминатанның айтуынша, бар үміт вакцинада болғанымен, вакцинаның кері әсерін де ескерген жөн.
ДДҰ төтенше жағдай бағдарламасының жетекшісі Майк Райан коронавирус ешқашан жойылмауы мүмкін екенін айтты.
– ВИЧ жоғалып кеткен жоқ. Бұл ауру әлі де бар. Біз оны емдеудің және алдын-алудың жолдарын таптық. Сондай-ақ адамдар бұрынғыдай қорықпайды. ВИЧ жұқтырған адамдардың көпшілігі ұзақ және сау өмір сүреді, – деді Майк Райан.
Пікір қалдыру