UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесінен коронавирус анықталды. Бұл туралы Baza телеграм каналы хабарлады.
Абдулманап Нурмагомедов ауруханаға 24 сәуірде түскен. Оған коронавирус диагнозы қойылып, алғашқы күндері ол өзін жақсы сезінген.
Дәрігерлердің айтуынша, ол бастапқыда коронавирусқа тест тапсырудан бас тартқан. Кейіннен вирус анықталғаннан соң өзінің ауыратынына сенімсіз болған.
Қазіргі уақытта Абдулманап Нурмагомедовтың жағдайы өте қиын.
Еске сала кетейік, бұдан алдын Хабиб Нұрмағамедовтың әкесі комаға түскені хабарланған.
Пікір қалдыру