Нұр-Сұлтанға кіріп-шығуға рұқсат берілгендердің жаңа тізімі жарияланды

/image/2020/05/15/crop-109_16_827x1102_084802702200.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордаға кіріп-шығуға рұқсат берілгендердің жаңа тізімін жариялады

Алгоритмге сәйкес, блок бекеттерде санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі, қаладан шығуға-кіруге тыйым салынады. Жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді. Алайда төмендегі санатқа кіретіндерге шаһардан кіріп-шығуға рұқсат беріледі:

  • халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
  • ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері;
  • карантин аймағына, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан тұлғалар;
  • медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар; көктемгі егіс жұмыстарына жіберілген тұлғалар;
  • Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары;
  • ҚР басқа өңірлерінде тіркелген карантин аймақтарынан шығатын адамдар санитарлық блокпосттарда қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін;
  • патрульдік полицияның еріп жүруінсіз жерлеу мақсатында карантин аймағын кесіп өтетін азаматтар;
  • шет мемлекеттердің азаматтары; карантин аймағына немесе карантин аймағынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан тұлғалар;
  • карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау мақсатында бара жатқан тұлғалар;
  • әуе рейсімен бара жатқан тұлғалар;
  • қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілетін тұлғалар;
  • азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың жүк көліктері;
  • транзит.

Сонымен қатар, бекітілген құжатта карантин аймағын кесіп өту бойынша барлық түпкілікті шешімдерді жауапты қызметкерлер блокпостарда қабылдайтыны айтылған.

Нұр-Сұлтан қаласының карантин аймағын кесіп өтетін әрбір тұлға «БЛОКПОСТ» ақпараттық деректер базасында міндетті түрде есепке алынуы тиіс.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар