Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемендегі филиалы қашықтықтан жұмыс істеуде. Мұндағы басты мақсат – педагогтерге қашықтан оқытуды ұйымдастыруда жан-жақты әдістемелік көмек көрсету.
- Сәуір айында ШҚО мұғалімдері үшін 44 вебинар мен 108 консультация ұйымдастырылды. Оған 8257 педагог қатысты. Вебинар барысында өзекті тақырыптар талқыланды. Әсіресе, қашықтықтан оқыту барысында тиімді кері байланыс орнату, ата-аналар мен балаларға психологиялық қолдау көрсету сынды тақырыптар қозғалды, - деді педагогикалық шеберлік орталығының Өскемендегі филиалының директоры Гүлжан Зейнолдина.
Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемендегі филиалының тренерлері ШҚО мұғалімдеріне «Қашықтықтан оқыту аясында жалпы білім беретін мектептердегі 1-10 сыпытарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ)» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- Қазіргі жағдайда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға байланысты бірнеше бағдарламаны онлайн-курсқа ауыстырдық, мысалы мектеп директорының тәрбие бойынша орынбасарларына арналған курсты маусым айында онлайн түрде бастаймыз деп жоспарлап отырмыз, - деді Гүлжан Тоқтарханқызы.
Пікір қалдыру