ШҚО-да алғаш рет бірлік күніне орай онлайн-режимде концерт өтті

/image/2020/05/15/crop-6_10_826x1239_e44c4ac7-dd53-44fd-a8c1-d8d4ec28b947.jpg
Алғаш рет Қазақстан халқының бірлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының күні мерекелік шерусіз, концертсіз, байқаусыз өтті. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты шығысқазақстандықтар бұл мейрамды отбасымен бірге қарсы алды.
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен достық үйі-қоғамдық келісім орталығы, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар береке-бірлікті нығайтуға үлес қосып келеді.
 
– Каратин кезінде бос отырған жоқпыз. Біздің әріптестеріміз ұлттық тағамдарды әзірлеп үйрету үшін аспаздық шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Бейнероликтер арқылы халықты құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 1 мамыр күні әртістер онлайн режимде концерт өткізді. Онда  ұлттық билер мен халық әндерін орындалды. Концертті облыс тұрғындары онлайн режимде тамашалады. Жалпы біздің концерт ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – қазақ халқына алғыс айту, – деді ШҚО-дағы әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Элвин Демирчиев.
 
а
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының басты ұстанымы «Күш бірлікте» екенін көрсету. Қазақстан халқы Ассамблеясының ШҚО-дағы филиалы барлық шараға белсене қатысып келеді.
 
Онлайн концертте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Татьяна Кагерманова, «Ақ ниет» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Майра Мурсалимова және тағы басқалар ақжарма тілектерін арнады.
 
– Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері бір-бірін құрметтейді. 1 мамыр біз үшін патриоттық белгісі іспеттес. Біздің ансамбльдің мүшелері қазақ және белорусс, ағылшын тілдерінде ән шырқайды, - деді «Гармония» белорусс вокальдық тобының көркемдік жетекшісі Наталья Кузнецова.
 
Бұл мерекенің тойлануына Қазақстан Республикасының тұңғыш прездиденті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор. 1995 жылы Елбасының жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Сөйтіп мемлекетімізде қазақстандық этностардың береке-бірлігі нығайып, мәдениеттері мен салт-дәстүрлері жаңғыртылды. Сонымен қатар сол жылдан бастап Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту туралы жарлыққа қол қойылды.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар