Қазақстанда 2980 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Соңғы дерекке сай, қауіпті індеттен 21 науқас сауығып шыққан. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 6, Алматы қаласында – 9, Атырау облысында – 6 адам бар.Ж
Бүгінге дейін коронавирустан Нұр-Сұлтан қаласында – 578, Алматы қаласында – 718, Шымкент қаласында – 180, Ақмола облысында – 96, Ақтөбе облысында – 141, Алматы облысында – 126, Атырау облысында – 153, Шығыс Қазақстан облысында – 24, Жамбыл облысында – 123, Батыс Қазақстан облысында – 137, Қарағанды облысында – 146, Қостанай облысында – 40, Қызылорда облысында – 200, Маңғыстау облысында – 40, Павлодар облысында – 119, Солтүстік Қазақстан облысында – 29, Түркістан облысында – 130 адам емделіп шықты.
Пікір қалдыру