Ким Чен Ын өлді ме? Мүсіндер алынды

/image/2020/05/17/crop-16_11_387x572_kim-il-sung-kim-jong-il-2469526.jpg

Пхеньянның Ким Ир Сен алаңындағы екі портрет пен мүсіннің алынып тасталуы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға қатысты тағы бір жорамал тудырды. Сарапшылар "бұл қадам диктатордың шынымен қайтыс болғанын растауы мүмкін" дегенді айтуда. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды  

Сеулде орналасқан NK News сайты және Америка басылымдары жұма күні Солтүстік Корея басшысының атасы Ким Ир Сен және әкесі Ким Чен Ирдің портреттері алынып тасталғаны туралы хабарлады. 

Ал Солтүстік Кореяға жасаған көптеген сапарлары туралы хикаялар жазған және "өз көзіңмен көріп әлемге айт" деген кітаптің авторы журналист Рой Калли Express.co.uk сайтына: «Бұл шынымен күдік тудырады" деді. Журналист мүсіндер мен портреттердің алынуы Ким Чен Ынның өлгенінен дерек беретінін айтты.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар