Бүгін халық танымал тележүргізуші Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпараттың дерегін негізге алып.
«2004 жылы президенттің жанында бірге жұмыс істедік. Сол кезде мен Бейсеннің еңбекқорлығына тәнті болатынмын. Ол әжесін Астанаға алып келді. Бірақ үлкен кісі елорданы ұнатпағаннан кейін ол шығармашылығын тастап, үйіне қайтты. Сол кезде «Бейсеке, сіздің болашағыңыз керемет, сізді Президенттің өзі жақсы таниды, елордада қалсаңызшы» дегенімде, келіспеді. «Апам өмір бақи жанымда болмайды. Ал жұмыс табылады» деді. Бейсеннің даналығына мен әркез таңқалатынмын. Жаның жәннәтта болсын, досым», - деді журналист Александр Аксютиц.
Бейсен Құранбек туралы жылы естеліктерімен бөліскен журналист Нұртілеу Иманғалиұлы "Бейсентану" ғылымын қалыптастыру туралы ұсыныс айтты.
Бейсен Құранбек Абайұлы 49 жасқа қараған шағында өмірден озды. Марқұм Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жерленеді.
Пікір қалдыру