Генерал-майор Талғат Нұрмағамбетов қайтыс болды

/image/2020/05/19/crop-97_0_445x593_photo_67355.png
Алматыда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрінің ұлы, медициналық қызметтің генерал-майоры Талғат Нұрмағамбетов қайтыс болды. Бұл ақпаратты Алматыдағы ардагерлер кеңесі растады. 
 
Талғат Нұрмағамбетов кеше, 18 мамырда 67 жасында қайтыс болған. Ол онкологиялық ауруға шалдыққан. 

Ол 1952 жылы 27 қазанда туған. 1975 жылы Томь қаласындағы әскери-медициналық факультетті бітірген, 1983 жылы Әскери-медициналық академияны тәмамдаған.

ҚР Қорғаныс министрлігінде қызмет етті, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысқан.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар