Бүгін ҚР Үкіметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары туралы айтып берді.
Азаматтар санаттарға бөлінбей, нақты табыстарына қарай іріктеледі.
-
Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 1 ең төменгі күнкөріс көлеміне (31,2 мың тг) дейінгі азаматтар жалға берілетін тұрғын үй алады.
-
Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 2 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі азаматтар «Бақытты отбасы», «2-10-20» секілді бағдарламалар бойынша 2% мөлшерлемемен баспана ала алады.
-
Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 3,1 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі (96,7 мың теңге) тұрғындар жаңа «5-10-20» бағдарламасымен баспана алады.
-
Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 3,1 ең төменгі күнкөріс көлемінен жоғары азаматтар екінші деңгейлі банктердің «7-20-25», нарықтық ипотека бағдарламаларына қатыса алады.
Пікір қалдыру