Биыл қорытынды аттестаттау және дипломдық жұмыс онлайн өтеді

/image/2020/05/20/crop-47_7_697x929_news1513828088.jpg

Қазақстанда қорытынды аттестаттау және білім алушылардың дипломдық жұмысын қорғау онлайн форматта өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Биыл қорытынды аттестаттау және білім алушылардың дипломдық жұмысын (жобасын) қорғау Microsoft teems, АИС «Platonus» платформаларында, ZOOM, Google, Сlass room арқылы бейнебайланыспен онлайн өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыққызы барлық емтихан бейнежазбаға жазылады деп атап өтті. 

Оның айтуынша, қашықтан оқудың нәтижелі болуы мақсатында оқушылар мен педагогтардың компьютер және интернет желісімен қамтылуына мониторинг жүргізілген.

– Мониторинг қорытындысы бойынша білім басқармасымен мектеп балансындағы 7118 компьютер көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан 6500 оқушыға және 618 педагогке уақытша пайдалануға берілді. Қосымша 2613 ноутбук және интернетпен қамту үшін 5200 флеш-карта сатып алынды, – деді А. Зарлыққызы.

Осы оқу жылында колледждердегі түлектер саны – 6 605 студент, оның ішінде 3787-сі мемлекеттік таспырыспен бітіреді. Білім алушылар мен оқытушылар қажетті техникамен: компьютер, флеш-карта және wi-fi роутермен қамтамасыз етілген.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар