Алматы қаласында мәдени нысандардың жұмысын бастау мәселесі қаралды

/image/2020/05/20/crop-44_8_540x720_bac63e66-5904-4499-b5b1-c979e4222919.jpg

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәдениет нысандарының жұмысын жаңғыртуға дайындықты бағалау жөніндегі мониторингтік топ құруды тапсырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

​Ержан Бабақұмаров қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин және қалалық мәдениет басқармасының басшысы Эрнар Құрмашевпен бірлесіп мәдени мекемелер мен кәсіпорындардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Жиналысқа республикалық және қалалық мәдениет және өнер нысандарының басшылары, сонымен қатар жекеменшік ұйымдардың өкілдері қатысты.

​Кездесу барысында Алматы қаласында мәдени нысандарының жұмысын бастау мәселесі қаралды. Қазір мегаполисте 134 мәдени ұйым, олардың ішінде 41 республикалық, 40 қалалық, 6 ведомстволық және 47 жекеменшік ұйым бар. Мәдениет саласында барлығы 8500 адам жұмыс істейді.

​Қалалық мәдениет басқармасының ақпаратына сәйкес, мәдениет нысандары үшін карантин шараларын жеңілдетудің алғашқы қадамы 2020 жылдың 25 мамырында басталады. Сол күннен бастап бір уақытта келушілер саны 30 адамнан аспайтын, келушілер мен көрермендерсіз, санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті қатаң сақтаған жағдайда жеке және топпен дайындық (репетиция) өткізуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, мәдениет ұйымдары жетекшілеріне ұсынылады:

• егер жұмысты қашықтан істеу мүмкін болса, қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру;
• кіреберіс пен шығатын жерге қолды залалсыздандыру үшін санитайзерлер орнату;
• барлық қызметкерлерге бір реттік маскалар мен қолғаптар қолдану;
• едендерді жуу және үстелдер, сөрелер, орындықтар, баспалдақтардың жақтауларын, есіктердің үстіңгі жағын (қабатын) күніне кем дегенде 3 рет жуып, тазартып, соңынан 15 минут желдету;
• ақаусыз істеп тұрған желдету жүйесімен қамтамсыз етілуі керек.

Келесі кезеңде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай мен мәдениет нысандарына бір уақытта келушілердің санын шектеу нормасын сақтай отырып, аумағына қарай залдарда келушілердің санын 50 пайыздан асырмау қағидалары ескеріле отырып, азаматтардың мәдениет орындарына келу мәселесі қаралмақ.
Бұқаралық мәдени-демалыс және ойын-сауық іс-шараларына 1 шілдеге дейін ұйымдастыруға тыйым салынады.

Жандарбек Бекшин мәдиенет нысандары басшыларын барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және тиісті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізудің маңыздығына назар аудару қажеттіне тоқталды. Әсіресе мәдениет нысандарының жұмысын жаңғыртудың бірінші кезеңі аясындағы әрекеттер алгоритміне баса назар аударылды.

– Мұражайлар, галереялар, кинотеатрлар мен басқа да мәдениет нысандарыың жұмысындағы алгоритмінде қарастырылған барлық талаптарды сақтай отырып, күшейтілген дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету керекпіз. Ұйымдарда эпидемияға қарсы шаралардың сақталуын – термометрияның жүргізілуін, жұмыс кезінде қолғаптар мен маскалардың қолданылуын және олардың уақтылы ауыстырылуын, персонал арасында инструктаж өткізуді, жуатын дезинфекциялық құралдардың болуын, арнайы орындарда жеке тамақтанумен қамтамасыз етілуін, жеке гигиена сақтау үшін жағдайдың жасалуын қадағалайтын жауапты адам болуы керек. Нысандар жарамды желдету жүйесімен қамтылуы керек, –  деді Ж. Бекшин.

Сонымен бірге ұйымдардың әкімшіліктеріне жеке автокөлігі жоқ қызметкерлерді үйлеріне жеткізуді ұйымдастыру ұсынысы жасалды.

Кездесу барысында М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Ю. Якушев, Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының директоры Ж.Карманова, ARTиШОК театрының басқарушы директоры, театр актрисасы А. Тарасова және т. б. қатысты.

Ержан Бабақұмаров көрермендердің, сондай-ақ, мәдениет саласы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетінің бірінші кезекте екендігін атап өтті. Қаланың мәдениет басқармасына жоғарыда аталған эпидемиологиялық талаптар бойынша нысанның дайындығына алдын ала баға беру жөнінде мониторингтік топ құру тапсырылды. Қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілмеген жағдайда нысандарға карантин шараларына дайындығы туралы акт берілмейтін болады.

Қауіпсіздік шараларын сақтауға басшылардың жауапкершілігі белгіленді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар