Трамп Обаманы 50 жылға соттау керектігін айтты

/image/2020/05/20/crop-6_7_405x787_obama.png

Трамп Барак Обама мен Джо Байденді 50 жылға түрмеге отырғызу керектігін айтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі Daily Telgegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Fox Business-ке берген сұхбатында АҚШ президенті Донольд Трамп өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннің нысанаға алынуын "біздің еліміздің тарихындағы ең үлкен саяси қылмыс" деп атады. 

Трамп Флинннің құлатылуына байланысты істі атап өтіп, оны "батыр" деп атады. Ал, Обама мен Байденді "сыбайлас жемқорлар" деді.

– Олар (ФТБ қызметкерлері) Флиннге ермеді. Мені алдауын үміт етті. Өтірік оқиға жасауынан үміттенді. Бұл істердің барлығы Обамаға қатысты, Байденге қатысты. Олар сыбайлас жемқорлыққа батқан. Біз оларды ұстап алдық.  Егер мен республикашыл емес, демократ болсам, менің ойымша, оларды түрмеге отырғызар едім. Мен 50 жылға соттауды айтып отырмын. Бұл масқара, бұл біздің ел тарихындағы ең үлкен саяси алаяқтық. Бұл істер үшін адамдар түрмеге қамалуы керек және көптеген адамдар ақша төлеуі керек деп үміттенемін, – деді Трамп.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар