Атырауда 1,5 жастағы бала жоғалды

/image/2020/05/21/crop-23_13_806x929_123.jpg

Атырау облысы Жұлдыз ықшамауданында 1,5 жастағы бала жоғалды деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі azh.kz сайтының дерегін негізге алып. 

«Бүгін, 20 мамырда, сағат 13.30-дар шамасында «Жұлдыз» ықшамауданы 10-көшедегі №57 үйден 1,5 жастағы бала шығып кеткен. Есімі Әли, оң аяғын сылтып басады. Баланы көрген-білгендер болса, 102 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз», - деп хабарлайды полиция.

Баланы іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Сол жерде қазір полиция жұмыс жасап, сонымен қатар қала мен қала маңындағы жанашыр тұрғындар және еріктілер де жиналды.

Еріктілердің бірі Олжас Сұлтановтың айтуынша, көршінің үйінде орнатылған камерадан баланың аулада жүргені, сосын шығып келе жатқаны анық көрінеді. Сәбидің анасы бірер минутқа үйге кіріп кеткенде, бала аулада болған. Анасы шыққан кезде бала жоқ болған. 

Еріктілер мен полиция қызметкерлері дрон қолданып, үйлердің ауласын тексеріп, септик, құдық, қоқыс жәшіктері – бәрін қарап шыққан. Бірақ тапқан жоқ. Әлі де іздеп жатыр.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, сәбиді іздестіруге Жұлдыз ықшамауданының 150-ден астам  тұрғыны, 50 шақты еріктілер мен 20 әскерилер кіріскен. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар