Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің facebook парақшасында коронавирус жұқтырған науқастың халықты коронавирусқа немқұрайлы қарамауға шақырған видеосын жариялады.
"Мен коронавирус жұқтырып алдым. Бірақ қай жерде жұқтырғанымды білмеймін. Сіздер де абай болыңыздар, немқұрайлы қарамаңыздар. Бұл дертке сенбеске болмайды. Үйде бала-шағаңыздың қасында болыңыздар. Сақ болыңыздар! Менің ауруханаға түскеніме 4 күн болды. Дәрігерлер керекті емдеу шараларын жасағаннан кейін тәуір болып келемін" дейді түркістандық тұрғын.
Сондай-ақ түркістандық әйелдің баласына да коронавирус жұққан.
Пікір қалдыру