Жоғарғы cоттың екі судьясы қызметінен босатылды

/image/2020/05/21/crop-34_11_488x650_2020-05-21_11-49-52.png

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР жоғарғы соттың екі судьясы басқа жұмысқа тағайындалуына байланысты қызметінен босатылды.

– Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Бауыржан Жұмағұловты, Асқар Смайыловты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметтерінен босату туралы ұсыным енгізді.

Президенттің Жарлығымен жуырда Смайылов Алматы қалалық сотының төрағасы қызметіне, ал Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды, – деді жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар