Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Ленин мумиясын сату туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы Жириновский өзінің twitter парақшасына жазды.
– Франциядағы бір кәсіпкер "Джоканданың" суретін сатпақ. Біз де Лениннің мумиясын сатсақ болады. Сатып алушылар міндетті түрде табылады. Қытай, Вьетнам немесе бір коммунист сатып алуы мүмкін. Ленин жақсы сақталған. Осыдан 96 жыл бұрын ғана мумияландырылған, – деп жазды Жириновский.
Во Франции бизнесмен хочет продать картину «Джоконда». Мы могли бы продать мумию Ленина. Покупатели найдутся: Китай, Вьетнам или какой-нибудь коммунист. С продажи мумии бюджет может получить огромные деньги. Ленин в хорошем состоянии, мумифицировали всего-то 96 лет назад.
— Владимир Жириновский (@Zhirinovskiy) May 21, 2020
1924 жылы Владимир Ленин қайтыс болғанда оны мәйіті бальзамдалып, Қызыл алаңдағы мавзолейге қойылған. Мәйіт әлі күнге дейін сол жерде сақтаулы. Кеңес-Герман соғысы кезінде Мәскеуге қауіп төнген сәтте уақытша Түменге көшіріліп, 1945 жылы Мәскеуге қайта әкелінген.
Пікір қалдыру