Әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады

/image/2020/05/25/crop-114_46_768x1024_085857329800.jpg

Енді мерзімді әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлердің дәрігерлік комиссиядан өту кезеңінде, жергілікті әскери басқару органдарынан шақыру қағазы болған кезде - жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы, ал мерзімді әскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті.

Брифинг барысында басқарма басшысы мерзімді əскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде, жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер, әскери қызметтен шығарылуға немесе әскери жиындардың аяқталуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті.

- Жұмыс  беруші жұмыскерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда, жұмыскердің жалақысы, еңбекке уакытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақысы және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдері сақталады (бұрын тек жалақы сақталған), - деді Бақытбек Қизатов.

ШҚО ақпарат орталығы

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар