Тоқаев Нұр-Сұлтанның жұмыссыз тұрғындарын жұмысқа орналастыруды тапсырды

/image/2020/05/25/crop-207_20_1009x1793_175f592d045d7e06300cbdda3aa2a0a5.jpg

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

А. Көлгінов президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылы қазан айындағы кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

Әкімнің айтуынша, Тоқаевтың тапсырмасымен биыл қолжетімді тұрғын  үй құрылысы айтарлықтай жандана түскен. Осы орайда баспана кезегінде тұрған азаматтар мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтары үшін 8 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кездесуде елорда басшысы үлескерлердің проблемасын шешу және бітпей қалған тұрғын үйлердің құрылысына қатысты ахуалды реттеуді атап айтты.

Мемлекет басшысы жұмыспен қамтудың жол картасының орындалуын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін де атап өтті.

Сондай-ақ, инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде, мектептер мен оңалту орталығын салу, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, көшелерді, тұрғын үй алаптары мен қоғамдық орындарды абаттандыру сияқты жұмыстарды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек кездесуде инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету мәселелеріне баса мән берілді.

Осылайша Тоқаев елорда әкіміне құрылыс секторындағы жұмыстардың көлемін арттыру, үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шұғыл шешу, сонымен қатар, жұмыссыз қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөнінде тапсырма берді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар