ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының қорытындысын жариялады.
Ведомство мәліметінше, жалпы Қазақстанда 7412 мектеп бар, онда 3 349 069 бала оқиды. 9-сынып оқушыларының саны – 266 897, ал 11-сыныпты бітіретін түлектерінің саны – 144 706. Түркістан облысында түлектердің саны ең көп – 24 мыңнан астам.
Жалпы биыл «Алтын белгіге» 8 506 оқу үздігі үміткер.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 130 мыңнан астам адам қатысады, оның ішінде 111017 – биылғы оқу жылының мектеп түлегі, ал 20 454 – колледж және өткен оқу жылдарының түлегі.
Пікір қалдыру