Әкімдер өсиеті

/uploads/thumbnail/20170708192238259_small.jpg

Бір жас жігіт жаңадан әкім болған кезде алдыңғы әкім бұған үш хат қалдырыпты, "тек, қиналған кезде ашып оқырсың" деп. Сонымен, әлгі жаңа әкім өз қызметін атқара бастайды. Бұл жұмыс өзі ойлағандай оңай болмай шығады да, ұзамай әлгі үш хаттың біріншісін ашып оқиды, онда "үйіп-төгіп уәдені бере бер" жазылған екен. Бұл бұлжытпай орындайды.

Арада және біраз уақыт өтеді. Құрғақ уәделерден жалыққан халық бұған наразы бола бастайды. Тірлігі алға баспаған әкім "екінші хатты ашатын мезгіл де жетті-ау" деген оймен келесі хатты оқиды. "Бұрынғы әкімді жамандай бер",- деп жазылыпты.

Әкім солай етеді, бірақ, мұнымен қашанғы жүрсін? Арада біраз уақыт өткен соң және дағдарып, соңғы хатты ашпаққа бекінеді ғой. Ондағы мәтін де қысқа ғана екен: "Енді орныңды босата бер".


Мықтыбек Оразтайұлы, Facebook парақшасынан

Қатысты Мақалалар